Дұғанды оқып жатарда
Жүруші ең жаным менен алыс
Кеткенде ұзақ сапарға
Еске алам бүгін ойланып
Оралмас сол бір кездерді
Өзіңмен тағдыр қосқан соң
Өмірім менің өзгерді
қайырмасы:
Өсіріп ұл мен қызымды
Ұзартып едің ізіңді
Аяулым енді осылай
Еске алам нұрлы жүзінді
Бақшамның гүлі гүл атқан
Жұпарын жаным ұнатқан
Жаратқан ием Жанатым
Жайынды қылсың жұмақтан
Самалы тербеп жастықтың
Толқындай тулап еседі
Орала берем ән болып
Біз жүрген күндер кешегі
Екеуміз жүрген жолдарға
Қараймын бүгін арманмен
Артында ұзақ жол қалды
Ғұмырын қысқа болғанмен
қайырмасы:
Өсіріп ұл мен қызымды
Ұзартып едің ізіңді
Аяулым енді осылай
Еске алам нұрлы жүзінді
Бақшамның гүлі гүл атқан
Жұпарын жаным ұнатқан
Жаратқан ием Жанатым
Жайынды қылсың жұмақтан Абай Бегей, Жанатым (жарына арнау) lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store
жаннат
балалариниздын бакиттын берсин алла аумин
ринат
яя омир ширкин тым катал. Кормеген кызыгын, сурмеген омирин урпактарынызга берсин