“Бір досың керек екен” Абадан тобы

2021

3
0

Share:




Lyrics



Жабығып қалғанымда,
Таусылып талғамымда,
Арылып ауыр мұңнан
Бір сәтке алдануға.

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасықсам сынға алатын,
Жапанда жаяу қалсаң,
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досым керек екен.

Жалғыздық батқаныңда
Атпай бір ақ таңыңда
Көңілің тұманданып,
Құлазып жатқаныңда

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасықсам сыңға алатын,
Жапанда жаяу қалсаң
Аямас міңген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досың керек екен.

Шаттығың кернегенде,
Елге дес бермегенде,
Шарықтап сөйлегенде,
Қолыңды сермегенде.

Қайырмасы:
Қасымда бір болатын,
Жасықсам сыңға қалатын,
Жапанда жаяу қалсаң
Аямас мінген атын.
Көңілге нұр беретін,
Өмірге бір келетін,
Не көрсе бір көретін,
Бір досың керек екен.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Абадан тобы
“Бір досың керек екен”