Сен жайлаудан түскенде lyrics

Ә. Бейсеуов

Сен жайлаудан түскенде

0
0

Share:


Сен де шықтың жайлауға, мен де шықтым
Бұрын көшіп сен қу қыз дөңге шықтың
Ауыл қатар болсын деп ойлап едім
Қойым жүрмей шабандап мен кешіктім


Қайырмасы:
Төрт-бес жігіт сөз салар
Сен де жассың құлпырған
Қырқ-елу қыз көз салар
Мен де жаспын жұлқынған
Мендей шопан табылмас
Бір сүйіп ал мұртымнан
Мұртымнан!



Сен де түстің жайлаудан мен де түстім
Бұрын көшіп сен қу қыз кеңге түстің
Ауыл қатар болсын деп ойлап едім
Бақалары шулаған көлге түстім


Қайырмасы:
Төрт-бес жігіт сөз салар
Сен де жассың құлпырған
Қырқ-елу қыз көз салар
Мен де жаспын жұлқынған
Мендей шопан табылмас
Бір сүйіп ал мұртымнан
Мұртымнан!



Қол алысып серттескен байлауымыз
Жұртта қалып қоймасын ойланыңыз
Қойды қосып екеуміз бір бағайық
Бірге болсын қыстау мен жайлауымыз


Қайырмасы:
Төрт-бес жігіт сөз салар
Сен де жассың құлпырған
Қырқ-елу қыз көз салар
Мен де жаспын жұлқынған
Мендей шопан табылмас
Бір сүйіп ал мұртымнан
Мұртымнан!

Ә. Бейсеуов
Ә. Бейсеуов, Сен жайлаудан түскенде lyrics, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Added Lyrics

28.10.2015