Жадымдасың дос жаран, бауырласым
Оралсаңшы дегендей мекеніңе
Орамалын бұлғайды қарындасым
Қайырмасы:
Сөйле, сөйле көңілім барда тілің
Алатауда жүрегім Алатауда
Түсімде де көремін Алматыны
Сағынып кеп аяулым қолыңды алам
Күндіз-түні күтеді жолымды анам!
Есігіңде жүрсем де бақыттымын
Бермей-ақ қой төріңнен орын маған
Қайырмасы:
Сөйле, сөйле көңілім барда тілің
Алатауда жүрегім Алатауда
Түсімде де көремін Алматыны
Аймалаған секілді таң самалы
Ертелі-кеш көңілім ән салады
Алматылық жігіттің арманы көп
Алатаудай биіктік аңсағаны
Қайырмасы:
Сөйле, сөйле көңілім барда тілің
Алатауда жүрегім Алатауда
Түсімде де көремін Алматыны
Ә. Бейсеуов Ә. Бейсеуов, Алматым деп ән салам lyrics, 0 Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store