Болат Жөкебай Қыз ғұмыры... lyrics

Қыз ғұмыры... Болат Жөкебай

2022

2
0

Share:




Lyrics


Қыз ғұмыры...

Жүрегінің сездірмей сыздағанын.
Жаны ауырып, көңілі мұздағанын.
Өскенде жат жұрттық боп кете барар,
Қиын ғой тағдыры қыз баланың.

Ауыр тиер жүрекке жылағаны.
Тия алмай көздің жасын бұлағаны.
Отбасының тыныштығы дұға жасап,
Алладан тілеп оның сұрағаны.

Құлпырған гүл, қызғалдақ қыз баланы.
Жат көздерден жақыны қызғанады.
Өзге әкені әке деп әкесіндей,
Анасындай сыйлайды өзге ананы.

Қыз ғұмыры жақсылық жашысындай.
Кеудемдегі жүректің жартысындай.
Әдемілік символы арулар ғой,
Мөлдір көздің мөп-мөлдір тамшысындай...

Қыз баланың тәтті ғой қылығы бал.
Көңілінің кіршіксіз тұнығы бар.
Еріксіз өздеріне ғашық қылар,
Сұлулық деген қыздың құрығы бар...

Болат Жөкебай
- - - - - - - - - -- - - - - - - - - - - - - - - - - - - -



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Болат Жөкебай
Қыз ғұмыры...


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz