Өкпелеме Сатиев Аманкелді

2022

0
0

Share:




Lyrics



Жүрек сені іздейді сезесің бе,
Мініп келем махаббат кемесіне.
Сен менің ойымдасың перизатым,
Сенсіз жалғыз көрінер өмір кейде.

Қ:
Болама екен сезімді ех, сезбеуге,
Жүрегімді жаулаған жырың күнде.
Кейде оралғым келеді білемісің,
Сендей жанмен танысқан бал күніме.

Ж:
Шуақ төктің жарығым өміріме,
Сен болмасаң махаббат ол бос әуре.
Көңілімнің кілтін сен ашатынсың,
Жырыңның ен тәттісін жазып күнде.

Қ:
Барсам деп ем өзіңмен қарт Каспийге,
Бөлінді арамыз неге екіге.
Қаншама жыл өтті ғой содан бері,
Сол сыйластық алайда үзілмеуде.

Ж:
Бағалайық тәтті күнді екеумізде,
Сән береді ғажайып көктем бізге.
Сыңарымсың сырлары ашылмаған,
Сырлырыңның мәнісі айтшы неде?

Өкпелетіп алсамда өкпелеме,
Тұрмайды қателіктер өкпе деуге.
Сенің нәзік жүрегің мен деп соқса,
Жырларымның бағы боп жүрші күнде.

Қ:
Болмайды ғой мұндайға өкпелеуге,
Тағдырдың жазғаны сірә бізге.
Жалғыз ақын өзіңсің жарығым-ау,
Арнауына қосқан-ау қанша мәрте



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Music Videos
Сатиев Аманкелді
Өкпелеме