Lyrics
Сезімдеріңнен жаным жарасып
Махаббатыңның бағында адасып
Ойда жоқ сəтте жүрекке келдің
Жүрегім менің шағын қалашық
Даланың енді жан бар сағына
Нəзік жүрегім алға аса құмар
Сен үшін барлық бақыт жолына
Бағыт беретін бағдаршамы бар
Қайырмасы
Аппақ арайлым бағың боламын
Баққада баймын жаныңда жаным
Таң сайын білсең шаттық сыйлайтын
Ханшайымы сен шағын қаланың
Бақытын жүрек аса күткенмен
Арманға қадам жасалып келген
Бүгін жазылды қала көгіне
Есімің сенің бас əріптерменен
Сүйетініңді растап аларма
Алмайды бірақ астарына бола
Осында жаным тұрақтап қалшы
Көшіп кетпеші басқа қалаға
Қайырмасы
Аппақ арайлым бағың боламын
Баққада баймын жаныңда жаным
Таң сайын білсең шаттық сыйлайтын
Ханшайымы сен шағын қаланың
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).