Шолпаным songtext

Жігер тобы

Шолпаным

0
0

Teilen:


Мәскеуде,
Күз, қарда мынау,
Өзіңдей қыздар да жүрді-ау.
Сен жоқсың орталарында,
Шолпаным, қызғалдағым-ау.
Сағындым, қызғалдағым-ау,
Шолпаным, қызғалдағым-ау.
 
Думанды кабактарда,
Көзден жас боратқанда,
Сен келіп оятасың,
Мен қалғып бара жатқанда.
Бұлыңғыр таң атқанда,
Беймаза сағаттарда
Сен тұрған сұрау белгі,
Мен берген жауаптарға.
 
Шолпаным, шоқ гүлім менің,
Өзіңсіз жоқ күнім менің.
Жанымды тұтандыратын
Сен менің оттығым ба едің?
 
Ақылдан жаңылғаным-ай,
Амалсыз таңылғаным-ай,
Күн қайда ауылдағыдай,
Түн қайда тауымдағыдай?!
Шолпаным, сағынғаным-ай,
Алатау, сағынғаным-ай.
Аяулы бауырларым-ай,
Шолпаным, сағынғаным-ай.
Жігер тобы, Шолпаным songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

28.01.2016