Бақытым менің алыста songtext

Жігер тобы

Бақытым менің алыста

0
0

Teilen:


Алданбайын арзанқол жұбанышқа,
Алданып жұбанышқа, құрақ үшпа!
Қазір менен қашықтап куаныш та,
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста.
 
Белгісіз жетем бе оған, жетпеймін бе,
Қалам ба орта жолда жетпей мүлде?
Әйтеуір, бір бақытым тұр алыста,
Көрем бе, көгерем бе, көктеймін бе?!
 
Болғанмен қанша мұңым,қанша қайғым,
Іздеуден бақытымды шаршамаймын.
Өмірім,берер болсаң, ұзағынан,
Өткінші бақытты мен аңсамаймын.
 
Сен деп келгем, сен деп келгем!
Ақ еділ арманымды теңдеп келгем.
Айырма алыстағы бақытымнан
Армандағы  аңсап көрген, шөлдеп көрген
 
Болғанмен қанша мұңым,қанша қайғым,
Іздеуден бақытымды шаршамаймын.
Өмірім,берер болсаң, ұзағынан,
Өткінші бақытты мен аңсамаймын
 
Жылдардың ұзаруда тізбектері,
Жаз өтті.бара жатыр күз де өткелі.
Қыс та өтер,қыспен бірге мен де өтермін...
Бақытым жүрсе болды іздеп мені. 
Жігер тобы, Бақытым менің алыста songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

22.10.2015