Қыз ұзату жыры songtext

Жазира Байырбекова

Қыз ұзату жыры

20
0

Teilen:



1. Қара таудың қиясы бар,
  Қара талдың ұясы бар.
  Жат жұрттыққа  жаратылған,
 Қыздың қандай кінәсі бар?
 
Қайырмасы:
 Әй, әй керім бұран белім,
 Бағыңды ашсын барған жерің,
 Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
 Бізді ұмытпай ойлай жүргін.

2. Айдын көлдің құрағы бар,
  Аққу қаздың сыңары бар.
  Қыдыр ата жағып кеткен,
  Қыздың қырық шырағы бар.

Қайырмасы:
  Әй, әй керім бұран белім
Бағыңды ашсын барған жерің
  Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
  Бізді ұмытпай ойлай жүргін.

3. Арпа ма екен, бидай ма екен,
  Төкпей шашпай жинай ма екен?
  Туған жерін қыз баланың,
  Қимайтыны қинайды екен.

Қайырмасы:
  Әй, әй керім бұран белім
  Бағыңды ашсын барған жерің ,
  Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
  Бізді ұмытпай ойлай жүргін.

Әй, әй керім бұран белім
  Бағыңды ашсын барған жерің ,
  Әй, әй құрбым, айдай құрбым,
  Бізді ұмытпай ойлай жүргін.
Жазира Байырбекова, Қыз ұзату жыры songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

Таншолпан

26 November 2020

тамаша

Anel Alieva

Korrigierte Text

03.01.2019