Жазира Байырбекова Қазақтың келіндері-ай (0), songtext

Қазақтың келіндері-ай songtext

Жазира Байырбекова

Қазақтың келіндері-ай

17
2

Teilen:



Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бақ босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
Қариялар батасын береді екен
Бата деген ақ тілеу керек екен
Жақсы дәстүр жақсы сөз игі тілеп
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен
 
қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері-ай,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Татулықпен тамсатқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері-ай,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.

қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері-ай,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Сол келіндер арқасы босағадан,
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.







Kommentare

Қонақ

11 März 2016

создерин дурыстасаныздар. мулдем дурыс келмейді

Молдир 123

Korrigierte Text

23.04.2021
Nutzer
Musikvideos
Жазира Байырбекова
Қазақтың келіндері-ай