Сырғалым Жандос Қаржаубаев

2018

1
0

Teilen:




Songtext



Сырғалым сүп сүйкімді секілді түс сиқырлы
Күн түн естен кетпей ұрлайсың ұйқымды
Тәп тәтті балмұздағым бастағы жалғыз бағым
Бір саған теңемеймін әлемнің бар қыздарын

Қайырмасы
Белің-ай бұраң бұраң,
Жүрісің сылаң сылаң
Көрмесем күндер түнде
Мен қалай шыдам қылам
Белің-ай бұраң бұраң,
Қош иісің гүл аңқыған
Күлкіңнен айналайын
Көруге құмар қылған

Қылықтым қып қымбатты
Қыз сыны тіптен жақсы
Келіссем өзіңменен
Жүрегім жұп құрмақшы
Сұп сұлу гаухарымай
Қып қызыл раушанымай
Тағайын жүрегімді
Жүзік қылып саусағыңа-ай

Қайырмасы
Белің-ай бұраң бұраң,
Жүрісің сылаң сылаң
Көрмесем күндер түнде
Мен қалай шыдам қылам
Белің-ай бұраң бұраң,
Қош иісің гүл аңқыған
Күлкіңнен айналайын
Көруге құмар қылған



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Hinzugefügt

19.07.2018