Сәби бақыты songtext

Заман тобы

Сәби бақыты

5
0

Teilen:



 
Бақыттың білмей бағасын,
Адасты ма екен анасы?
Аң да екеш аң да қараусыз,
Қалдырмаушы еді-ау баласын.
Жетімнің көзі жасты екен,
Удан да дәмі ащы екен.
Әкенің мұз ба жүрегі?!
Ананың бауыры тас па екен?!
 
Аңсатқан жанды ақ арман,
Жас болып аққан жанардан.
Сәбидің бәрі бақытты,
Болуы үшін жаралған.
 
Жалғанда жалған, жалғанда,
Анадан жақын жан бар ма?!
Арманда ма екен анасы,
Жанында жүрген жандарға.
Аңсатқан жанға жетем деп,
Жетімдер үйін мекендеп.
Қарайлап жүр-ау анашым,
Қайтып бір келер ме екен деп.
 
Аңсатқан жанды ақ арман,
Жас болып аққан жанардан.
Сәбидің бәрі бақытты,
Болуы үшін жаралған. (3х)
 
Сәбидің бәрі бақытты,
Болуы үшін жаралған.

Заман тобы, Сәби бақыты songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Anonymous

Korrigierte Text

20.03.2019
Nutzer

GM

Musikvideos
Заман тобы
Сәби бақыты