Қартым намазға кетiп барады songtext

Заман тобы

2017

2
0

Teilen:



уақыт сарғып ақты
бақыт кімді тапты
Өмір мың құлатты
Көңіл мың жұбатты

Сенім иманның басты сабағы
Оның таудан да биік сауабы
Елім иманды болса екен деп
Қартым мешітке кетіп барады

Тұрмас фәни мәңгі сақта ар ибаңды
Қанша ұл қыздар жүр білмей кәлимаңды
Ұлың болса деп едің қамалы
Қызын қойса деп арын жоғары
Халқым өтсе деп таймай хақ жолдан
Қартым намазға кетіп барады

Мұңсыз жан бола ма
Мұңсыз Алла ғана
Қымбат иманыңды
Арзан саудалама

Пенде өткінші дәурен қонағы
Көрге жиналар сауап обалы
Елге кешірім тілеп Алладан
Қартым намазға кетіп барады
Заман тобы, Қартым намазға кетiп барады songtext, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






22.12.2017