Ұшқын Жамалбек Басымды қатырма (2019), songtext

Басымды қатырма songtext

Ұшқын Жамалбек

2019

13
0

Teilen:



1. Жаным, жанып от боласың,
Әлі үлкен бақ табасың,
Бақты қазір таппағасын,
Миың қатып отыр-ау...
Ешкім бізді сөз етпейді,
Ешқайсысының көзі өтпейді,
Енді саған не жетпейді, япырау?!

Сен өзіңше бола берме,
Көңіліңе ала көрме,
Сендей сұлу жоқ әлемде, бөлексің.
Не десемде алаңдама,
Мен жақсымын жамандама,
Сен өмірде маған ғана керексің.

Қайырмасы:

Асықпай келіп ақылға,
Араласайық, мақұл ма?
Шын сүйсең маған жақында,
Сүймесең басымды бостан босқа қатырма!

2. Қылығың-ай сенің балдай,
Балдай тәтті едің қандай,
Мақтағанға керім болмай.
Маған құшақ жайсаңшы...
Өкпелетпей сүйгеніңді
Қабағыңды түйгеніңді
Жүйкеме көп тигеніңді қойсаңшы.

Сен өзінше бола берме,
Көңіліңе ала көрме,
Сендей сұлу жоқ әлемде, бөлексің!
Не десемде алаңдама,
Мен жақсымын, жамандама,
Сен өмірде маған ғана керексің.

Қайырмасы:

Асықпай келіп ақылға ,
Араласайық, мақұл ма?
Шын сүйсең маған жақында,
Сүймесең басымды бостан босқа қатырма!

Əні:






Admin

Korrigierte Text

31.03.2019
Nutzer