Қыз сағынышы songtext

Тұманбай Молдағалиев

Қыз сағынышы

0
0

Teilen:


Шыға келсең алдымнан күліп тағы,
Атпас па еді жадырап үміт таңы.
Тамылжыған сыры мол айлы түнді
Сүйген жүрек қалайша ұмытады,
Сүйген жар.
 
Қайырмасы: 
Сыбырлайды жасыл бақ,
Жоқсың бірақ, қасымда,
Сағындым жайдары күлкіңді,
Сағындым, сүйген жар, сол түнді.
 
Алыстасың, аяулы аңсағаным,
Сағыныштан жабырқап ән саламын.
Көңілімнің күні боп келсең, сәулем,
Көктемнің гүлі боп қарсы аламын,
Сүйген жар.
 
Қайырмасы.
Тұманбай Молдағалиев, Қыз сағынышы songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Korrigierte Text

29.05.2016
Nutzer

GM