Тарыққанда табынарым - өлеңім songtext

Тұманбай Молдағалиев

0
0

Teilen:


Тарыққанда табынарым - өлеңім,
Жабыққанда жалынарым - өлеңім.
Барлығы да өлеңімде сақтаулы -
Ақын болып нені айттым мен, не дедім.

Жүрегіме сүйенемін күй білген,
Жыры арқылы жұрт көңілін идірген.
Ең алдымен сүйдім адамдарды мен,
Анам көріп, әкем көріп сүйдім мен.

Сол өмірдің дегендерін құп алдым,
Әрқашанда көктем алдым, нұр алдым.
Жақсы көрдім қатар жүрген достарды,
Табысына, шабысына қуандым.

Көңілім деп ұқтым гүлді, көгалды,
Өрге бастар өмірімнің жол алды.
Мен жамандық істегем жоқ ешкімге,
Қолдан келген жақсылығымды ел алды.

Көктемдегі көк өзендей тасимын,
Жалғыз ауыз жаман сөзден жасимын.
Қатты сөзге барғаным жоқ ешкіммен,
Тәтті сөзге жебеушім деп бас идім.

Бірін-бірі сүйеп тұр ғой ормандар,
Өсиетсіз, қасиетсіз болмаңдар.
Ей, адамдар бір-біріңді қолдаңдар,
Ей, адамдар, бір-біріңді қорғаңдар.
Тұманбай Молдағалиев, Тарыққанда табынарым - өлеңім songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

ҚУАНЫШБЕК

30 Mai 2016

Тагдырмен ойнама сенің амыңды шығарады

Admin

Liedtext sind hinzugefügt

30.05.2016