Өткен күндерге хат жаздым songtext

Тұманбай Молдағалиев

1
0

Teilen:


Өткен күндерге хат жаздым,
Өшіп қалмасын оты деп.
Іздейді, мүмкін, хат жазды
Арманға толы көкірек.

Тағдырым, мені жүдетпе,
Биіктеп ұшсын нар құсым.
Қартайған қайсар жүректе,
Жігіттің оты, бармысың.

Бітпеген әні, әуені,
Жігіт едім ғой мен күшті.
Бес жапырағым бар еді,
Бір жапырағым желге ұшты.

Құлатып алдым ай, күнді,
Жылады жаным еңіреп.
Көтерісті ауыр қайғымды,
Сүйеді елім мені кеп.

Найзағай соққан қарағай
Орманда осы аз ба, әттең.
Жаңа аяқтанған баладай
Жүремін құлай жаздап мен.
Тұманбай Молдағалиев, Өткен күндерге хат жаздым songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Liedtext sind hinzugefügt

30.05.2016