Қырланады, сұрланады songtext

Тұманбай Молдағалиев

0
0

Teilen:


Қырланады, сұрланады,
Өңің кейде бұзып дала.
Келіп қарттық бір хабары,
Соқпай көңілің қызыққа да,

Жүретін бір күндерің бар
Атқа мінбей, жаяу қалып.
Көңіл кетіп гүлге құмар,
Отырасың ой ойланып....

Менің де көп, кінәм аз ба,
Бәрі де ептеп оянады.
Көңіліңдегі күлкі, наз да
Көз жасына боялады.

Қызықты кеш, құмар әні
Бара жатыр бәрі сиреп.
Сәбилерің шығарады
Шыңарудан сені сүйреп.
Тұманбай Молдағалиев, Қырланады, сұрланады songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Liedtext sind hinzugefügt

30.05.2016