Құстар қайтып барады songtext

Тұманбай Молдағалиев

2
0

Teilen:


Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан сезімдей.

Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай қалады.

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,
Тамаша әнмен келіп еді көктемде.
Өскен жерге сыймай кетіп барады,
Өскен жерін қимай кетіп барады.
Тұманбай Молдағалиев, Құстар қайтып барады songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

damirok

30 Mai 2016

өте жақсы өлен

Admin

Liedtext sind hinzugefügt

30.05.2016