Кінә қойма, жақсы дос,енді маған songtext

Тұманбай Молдағалиев

0
0

Teilen:


Кінә қойма, жақсы дос, енді маған,
Мұнарланған даламнан кеңдік алам.
Биіктенем қарап ап тауларыма,
Жылау үшін өмірге келді ме адам?
Жоқ, келгем жоқ дүниеге жылау үшін,
Елімдікі бойдағы бұла күшім.
Мен шыққанда саңқылдап сахнаға,
Үнсіз ұйып тыңдайды үлкен-кішім.
Салғырттықты сара жыр қуалады,
Тау биігі мекенім, гүл алабы.
Үнсіз тыңдап жырымды балаларым,
Бір бақытты көргендей қуанады.
Бүгін, міне, заң басқа, заман басқа,
Беріп бақтым қол ұшын әман досқа.
Жақсылық боп көрінсем жамиғатқа,
Керек маған қандай бақ одан басқа?!
Тұманбай Молдағалиев, Кінә қойма, жақсы дос,енді маған songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Kommentare

Саним

04 Juni 2016

жаксы

Admin

Liedtext sind hinzugefügt

30.05.2016