Бола бермес бәйгеде әркім алды songtext

Тұманбай Молдағалиев

0
0

Teilen:


Бола бермес бәйгеде әркім алды,
Жетем деген көп жерден көңілім қалды.
Қақсам болдым барында қанатымды,
Бақсам болды әлпештеп балаларды.
Болам деген ойым жоқ мүлдем ірі,
Қуанышым өлкемнің гүлді өңірі.
Келер елдің бағындай көрінеді
Немеремнің бір нәрсе білгендігі.
Көтерілем, көбейем көп себептен,
Ешкім жоқ қой дүниеден ән сап өткен.
Бәрін көріп көзіммен, ал сөзіммен
Көмектесіп соларға кетсем әттең.
Тұманбай Молдағалиев, Бола бермес бәйгеде әркім алды songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Liedtext sind hinzugefügt

30.05.2016