Songtext
Көздеріңде сыр тұңған
Көктің гүлі құлпырған
Ғашық болып өзіңе арнап жүрмін жырымнан
Қуанышпен мұң кешсең
Қуанышпен мұң кешсең
Табылайын қасыңнан
Қайырмасы:
Ару қызы Шеркештің
Дәруісің жүректің
Бола берші әрдәйім
Кейіпкері әнімнің
Жарық сыйлар жаныма
Шуақ шашқан күнімсің
Менің ғана құшағыма сыйатұғын гүлімсің
Қызғалдағым гүлімсің
Қош иісті таңдағы
Сүйкімдісің сұлуым
Қызымдайсың қордағы
Еш аруға тең келмес
Еш аруға тең келмес
Өз ерінің арманы
Қайырмасы:
Ару қызы Шеркештің
Дәруісің жүректің
Бола берші әрдәйім
Кейіпкері әнімнің
Жарық сыйлар жаныма
Шуақ шашқан күнімсің
Менің ғана құшағыма сыйатұғын гүлімсің Х2
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).