Төреғали Төреәлі Өмірімнің өрнегі (0), songtext

Өмірімнің өрнегі songtext

Төреғали Төреәлі

Өмірімнің өрнегі

4
1

Teilen:



Арманымның асуларын асқанмын,
Бақытымды мен өзіңнен бастадым.
Шуағым сен жылытатын жанымды,
Жалын отын не қыламын басқаның?!

Өмірімнің өрнегін,
Гүлдендірдің сен менің.
Бақыты мен жақұтын
Не қыламын өзгенің?!

Жастық дәурен өтер зулап қас-қағым,
Ән-көңілде таусылмайды дастаным.
Өзіңменен өмір-өлең тамаша
Не қыламын той-думанын басқаның?!

Өмірімнің өрнегіне өң берген,
Жабырқасам жылу берген, бем берген.
Махаббаттың шапағаты сендегі
Аспандағы айға, күнге тең келген






Kommentare

Венера

03 August 2016

казактын осындай улы дала баласы коп болгай

Manas Shengelbaev

11 November 2016

жаксы олен

GM

Liedtext sind hinzugefügt

02.02.2016
Musikvideos
Төреғали Төреәлі
Өмірімнің өрнегі