Махаббатым songtext

Тәуекел Мүсілім

Махаббатым

0
0

Teilen:


Бір-бірін құлай сүйген,
Бір-бірін ұнай сүйген, жандар ек
Аққудай арман құсым,
Өмірдің шың мен құзын біз бірге таңдап ек,
Сен едің асыл арман,
Ойласам басыл алмай, қайтейін
Бөлінді неге жолым,
Жетпейді созсам қолым, саған жаным
 
Қайырмасы:
Жандырған жалын қылған,
Сарғайтқан сағындырған, ақ арманым
Самғадың сағым болып,
Қайтейін бағым болып, жаралмадың
Жандырған жалын қылған,
Сарғайтқан сағындырған, ақ арманым
Басқамен бақыттысың,
Бағыңды аш,бақыт құсым
Махаббатым менің
Амандығыңды  тілеймін жаным
 
Жымиып қана жаным,
Қараушы ең күліп қана,нұрлана
Шаттығы қуанышы
Жанымның жұбанышы
Сен едің бір ғана
Өзіңмен бағым үстем
Сол күнді сағынышпен, ойға алам
Қол жетпес сағым болдың,
Бұйырмас бағым болдың жанардағы
 
Қайырмасы:
Жандырған жалын қылған,
Сарғайтқан сағындырған, ақ арманым
Самғадың сағым болып,
Қайтейін бағым болып, жаралмадың
Жандырған жалын қылған,
Сарғайтқан сағындырған, ақ арманым
Басқамен бақыттысың,
Бағыңды аш,бақыт құсым
Махаббатым менің
Амандығыңды  тілеймін жаным
Тәуекел Мүсілім, Махаббатым songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

24.10.2015
Musikvideos
Тәуекел Мүсілім
Махаббатым