Songtext
Мен саған ғашықпын күнім
Тыңдашы жүректің сырын
Өзіңді құшағыма балап
Сыйлайын бақыттың гүлін
Мойылдап мөлдіреп көзің
Баурайды балауса сезім
Үнсіз ақ айтады жүрек
Аяулы махаббат сөзін
Қайырмасы
Айтады жүрек есіміңді өмір сүр деп
Қағып тұр есігіңді
Тербетші өзіңде бар бар дейтін бесігіңді
Бар көңіл елеңдеп өзің жаққа
Барайық екеуміз сезім баққа
Бөлейін сүйіктім мәңгі сені махаббатқа
Сен ғажап сұлусың еркем
Жан барма өзіңдей көркем
Аялап алақанымда махаббат сырларын шертем
Аяулым асылым едің
Назыңды сағындым сенің
Ғашықтар іздеген бақыт
Бар сәулем бағымда менің
Қайырмасы
Айтады жүрек есіміңді өмір сүр деп
Қағып тұр есігіңді
Тербетші өзіңде бар бар дейтін бесігіңді
Бар көңіл елеңдеп өзің жаққа
Барайық екеуміз сезім баққа
Бөлейін сүйіктім мәңгі сені махаббатқа
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).