Зығыр songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Жаңа жауған жаңбырдың суын кешіп,
Үй алдында тұр бұйра зығыр өсіп.
Тербеп өтсе Балтықтың тұзды желі,
Теңселеді дамылсыз күбірлесіп.
Сол үндерден құпия күбірлеген
Жүрегімде құпия жүгірді өлең.
Ойладым мен сол үйде келе ме деп,
Бір қыз өсіп жарысып зығырменен.
Сырбай Мәуленов, Зығыр songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016