Жылқышы қыз songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Жүрсің түзде жылқыға еріп,
Құрық алып түспен аттан.
Болды көзің ұйқы жеңіп,
Тамағыңды ішпей жатқан.
Қатал боран демі қарып,
Мұз қатырды кірпігіңе.
Тірілей қар сені жауып,
Көміп кетті шың түбіне.
— Оралам деп ойлағам жоқ
Тылсым күштен тірі қайтып...
Сол жайыңды ойнаған боп,
Тұрсың енді күліп айтып.
Ел мақтамас текке сені
Бірі тұтып ер баланың,—
Сен болмасаң жетпес еді,
Бір жұлдызы кең даланың.
Сырбай Мәуленов, Жылқышы қыз songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016