Жығылды жаудың жалауы songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Алынды Берлин қамалы,
Жұлдыздар шашты Москва.
Жығылды жаудың жалауы,
Төселді аяқ астына.
Европаның үстінду
Жүзді бұл неше жыл қаңғып.
Керексіз қазір ешкімге,
Орасаң, мейлі, шұлғау қып.
Батырлар аттап барады
Жау туының көпірін.
Сусиды фашист жалауы
Солдаттың сүртіп етігін.
Көтерілді жоғары
Жеңімпаз елдің жалауы,
Жұмысшының балғасы,
Шаруаның орағы,
Солдаттың қару-жарағы.
Сырбай Мәуленов, Жығылды жаудың жалауы songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016