Жол дәптері songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Жол дәптері жанымның
Жазылмаған беттері.
Бар онда Алтай тауының
Асулары, өткелі.

Ең алғашқы жыр болып,
Түсті бұған жел ізі.
Жатты желмен бір қонып,
Бұқтарманың теңізі.

Кереметті көп көрдім,
Жатты сырлар туындап.
Қанатындай кептердің,
Ашылды бұл суылдап.

Бетіне көбік шашылып,
Шомылды жасыл жаңбырға.
Алматыда ашылып,
Сөйледі қайта алдымда.
Сырбай Мәуленов, Жол дәптері songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016