Жасы оның он бірде еді songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Отқа қақтап өлтірді оны
Жасқануды ол білмеді.
Алты күндей азаптады,
Ал ол болса он бірде еді,
Ал ол болса он бірде еді.
Он бір жаста отыз жастай,
Болып шықты жігерлі еркек.
Полицайды үй-ішімен
Шырпы қойып жіберді өртеп.
Ал ол болса он бірде еді.
Өліміне жел еңіреп,
Ақ қайыңдар аза тұтты.
Аспан көзі мөлдіреді,
Аңсады ол азаттықты
Жасы оның он бірде еді.
Сырбай Мәуленов, Жасы оның он бірде еді songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016