Шевченко жайықта songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Жайықта ақын күбірлеп,
Құпия ойға берілді.
Тасыған өзен дүрілдеп,
Днепр боп көрінді.
Көрінді сонда қайран ел,
Өзендей жатқан еңіреп.
Қайысты сонда қара жер,
Қалғыды ауыр төңірек.
Көзіне сонда ұқсады,
Екі өзен бірге аққандай,
Украин,
қазақ құшағы
Айқасып бір жатқандай.
1950
Сырбай Мәуленов, Шевченко жайықта songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016