Магнит аспаны songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Ұласып жалын бұлтпенен,
Тау үстіне бекінді.
Комбинат түсі күп-күрең,
Айбынын атқан секілді.
Сол кезде көкпен астасып,
Көкала түтін ойнады.
Күркілдеп кокс от шашып,
Бұрқылдап болат қайнады.
Тау үстіне жалыннан,
Жап-жасыл аспан орнады.
Темірдің отқа қарылған,
Жосылып жатты жолдары.
1950
Сырбай Мәуленов, Магнит аспаны songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016