Қос қарағай түбінде songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Дегендей-ақ сырымды сұраспай ұқ,
Қос қарағай тәкаппар тұр қасқайып.
Құлапты ер кеудеден оқ тигенде
Екеуіне қол артып, құлаш жайып.
Туған жердің жан беріп даласында
Екеуінің жатыпты ол арасында.
Қарағайлар жауыпты қанатымен,
Жел дауылды бұрқаған борасында.
Жапырақтар жамырап шуылдаған,
Үмітінің көгіндей туындаған.
Жалпақ жонда жол қаптап жалғызаяқ
Ел көңілі еріне суынбаған.
Күн күркіреп болса егер ақырғандай
Тұрады өз орнынан қапы қалмай.
Қос қарағай түбінен атылады
Бір кездері жауына атылғандай.
Сырбай Мәуленов, Қос қарағай түбінде songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016