Көл демі songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


От боп шарпып жел лебі,
Бу боп ұшты көл демі.
Түсті таңда
Бір шық боп,
Тұрды талда
Бүршік боп.
Кетті күзбен жылысып,
Келді қазбен бір ұшып.
Тұр бөлмеде гүл болып,
Сыбырлайды жыр болып.
Сырбай Мәуленов, Көл демі songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016