Көкте бұлттар қансырап тұр songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Көкте бұлттар қансырап тұр,
Оқтар жыртып қорғасындай.
Тағы жаңбыр тамшылап тұр,
Сорғалаған көз жасындай.
Жатыр ұйықтап барлаушылар,
Разведкадан жаңа оралған.
Тағы да олар жауға шығар,
Тағы ұзатар жаралы орман.
Өтті өмірден байланысшы...
Жалғап сымды тістеп өліп.
Жатыр ма олар сол туралы,
Тірілтердей түстер көріп.
Түсті жайдың оғы келіп,
Балапандай тал шыбыққа.
Өртенеді екен өзен
Кім біліпті жайшылықта.
Кім көріпті судың жанып,
Қып-қызыл боп өртенгенін.
Кім көріпті шуыл қағып,
Емендердің ерте өлгенін.
Көкте бұлттар қансырап тұр,
Оқтар жыртып қорғасындай.
Тағы жаңбыр тамшылап тұр,
Сорғалаған көз жасындай.
Сырбай Мәуленов, Көкте бұлттар қансырап тұр songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016