Қаныш туралы екі өлең songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


1. ЕСКЕРТКІШ
Батты балқып дала мұнға
Бір кездегі өз сырласы.
Көздердің тұр жанарында
Зілдей ауыр мезгіл жасы.
Көтер еңсе азалы елі
Оған ажал жетпес күші.
Қазыналы қазақ жері —
Қанышыңның ескерткіші.
2. КҮМБЕЗ
Болды ол алға тартар арымыздай,
Болды ол аппақ адал жанымыздай.
Кім оған тебіренбес, күңіренбес,
Болмаса жүрегі тас, қаны мұздай.
Тұратын тұлғасынан мін сезілмей,
Ғасырлар сирек табар ұлды өзіңдей.
Далаға мұнара боп тұрып қалды,
Елімнің елдігінің күмбезіндей.
Сырбай Мәуленов, Қаныш туралы екі өлең songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016