Қандай орден береміз ленинге songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Ең шешуші шабуыл шақтарында,
От ұясын жауынгер жапқанында,
Жазылғанда есімі ірі әріппен
Иңформациялық бюроның ақпарында,
Батыры деп қаһарман ұлы елімнің
Берілсді ордені Лениннің.
Қойшы қарлы боранда адасқанда,
Қойға адам мен аш бері таласқанда,
Апта бойы бір тұяқ шығын етпей,
Шыққанында шопанның бағы аспанға
Социалистік Ері деп ұлы елімнің
Беріледі ордені Лениннің.
Ескі дүние ордасын ойрандаған,
Адам үшін өз басын ойланбаған,
Орден алмай, көзінің тірісінде
Мерекелі мүшелі тойланбаған.
Октябрьді орнатқан ұлы елімде,
Қандай орден береміз Ленинге?!
Сырбай Мәуленов, Қандай орден береміз ленинге songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016