Қайда жалғыз қарағай songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Қайда досым, оқ тиіп,
Қара жерді қаусырған.
Қайда жалғыз қарағай
Қанжардай тіке шаншылған.
Көзімді ашсам бірі жоқ,
Өңім бе, әлде түсім бе?
Өкініш, шіркін, өрт болып,
Лапылдап жатыр ішімде.
Әкетті қайран досымды
Доп дауылы үйіріп.
Құлады жалғыз қарағай
Қыршынынан қиылып.
Не айтам елге барғанда,
Досымды алдым жоғалтып.
Жүремін енді майданда
Екі адам үшін оқ атып.
Сырбай Мәуленов, Қайда жалғыз қарағай songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016