Бестау жақта бұлт ойнап songtext

Сырбай Мәуленов

0
0

Teilen:


Қорқытпа мені дауылдан.
Бунин.
Қабағы қалың қара бұлт,
Бестауды жауып бүтіндей
Келеді түсі қабарып,
Будақтап ұшқан түтіндей.
Қоқаңдап бекер ол байғұс
Суырар қыннан қылышын.
Бестауды билеп қандай күш
Тарылта алар тынысын?!
Мың отқа кіріп күніне,
Мың оққа қарсы ол атылған.
Жетер деп бұлттар түбіме
Тобы жоқ құрап шақырған.
Кезбе бұлт түсте ауады
Жел сапырып, қаңғырып,
Күзетіп жасыл даланы
Тұрады Бестау мәңгілік.
Сырбай Мәуленов, Бестау жақта бұлт ойнап songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016