Ләнет бұлты шатырлап songtext

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Teilen:


Ләнет бұлты шатырлап,
Жай түсіп неге қатпаймын?
Жер жарылып сатырлап,
Түбіне неге батпаймын:
Ит, құсқа бас игізген,
Көкейімді күйгізген,
Дүниеден ләззат таппаймын.

Көрмегенді көріп бас,
Заһар болып ішкен ас.
Қапаланған көңілден,
Төгіле-төгіле қанды жас.

Дүние бәрі у екен,
Мені алдайтын қу екен.
Өткізген өмірім бұл күнгі,
Пайдасыз қызу ду екен.

Білімсіз талант тас екен,
Өмірің үшін қас екен.
Далақтап шапқан бай ұлы
Тоқтаса, көзі жас екен.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ләнет бұлты шатырлап songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016