Қандай басшы songtext

Сұлтанмахмұт Торайғыров

0
0

Teilen:


Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мән бар?

Өзі үшін бір қалаға барып келсе,
Керек-жарақ нәрсесін алып келсе.
Одан артық басшыны қазақ таппас,
Шығынын он есе ғып салып келсе.

Газет-журнал басшыны мадақтаса,
Өтірік-ақ оған кір жолатпаса,
Көрінген мінін-дағы бетке айта алмай,
Аңшының итіндей боп алақтаса.
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Қандай басшы songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016