Ғашықтықтың зардабы songtext

Серікбол Қадемов

Ғашықтықтың зардабы

0
0

Teilen:


Өзің жайлы көтерген жеке мұңды,
Жүрегіме білмеймін не етерімді...
Сен де, қалқам, білмейсің мына менің,
Сыртыңнан саған ғашық екенімді...
 
Сен Күнімсің жылытқан қара күзді,
(Сен туралы жыр жазар қалам ізгі...)
Сен білмейсің, біздерді әлеуметтік,
Желі ғана жалғап тұр арамызды...
 
Түн болса да, қалқам-ау, таң атса да,
Жиі кірем мен сенің парақшаңа.
Суретіңе қарауды қоя алмаймын,
Екі көзден жас емес, қан ақса да...
 
Айтсам ба екен сырымның жайып бәрін,
Сөзсіз оған ренжіп айыптарың...
Сен жазбайсың 'сәлем' деп... Келетіні,
Суреттерге мендегі 'лайктарың'.
 
Неткен жансың, білмеймін, періште ме ең,
(Қандай тәтті қылықтар сен істеген...)
Ғашықтықтың зардабын тағы тарттым,
У қалды ма, ей, өмір, мен ішпеген...
Серікбол Қадемов, Ғашықтықтың зардабы songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

24.10.2015