Құдаша қыз songtext

Серік Ибрагимов

Құдаша қыз

2
0

Teilen:



Көңілге құдаша қыз қарасаңыз
Өмірге жанымызбен жарасамыз
Тойларды тамашалап жүрміз талай
Болады біздің қашан тамашамыз?

Қайырмасы:
Ей, игәй, игәй... құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз?

Ақтарып не қылайын текке бәрін
Жандырды жүрегімді от жанарың
Амалсыз қимастықпен қоштасарда
Құдаша неге сонша көп қарадың

Қайырмасы:
Ей, игәй, игәй... құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз?


Жолықсақ жағдай ғана сұрасамыз
Қашан біз сыр ашамыз, қыр асамыз
Ақ қана көңіліңмен көкке мені
Көтеріп кете бардың құдаша қыз

Қайырмасы:
Ей, игәй, игәй... құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз?


Қолымды жеткізгендей айға бүгін
Біз енді жолығамыз қайдан гүлім
Кездеспей кетсек егер бұдан кейін
Әрдайым өз бағыңда жайна гүлім
серік, ибрагимов, серик, serik, ibragimov, ibragimob, Құдаша қыз songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

30.10.2015
Musikvideos
Серік Ибрагимов
Құдаша қыз