Деме сен (ft. Әйгерім Мергенбаева) songtext

Серік Ибрагимов

2017

5
1

Teilen:



Әлдекім құсап дәурен сап,
Жүрмедім жайқап деме сен,
Қанағат, тоқтам, ар, нысап -
Қасиеттер ғой ең әсем.

Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.

Талқыға салса тіршілік,
Таршылық көрдім деме сен.
Қаламын ширап, құлшынып,
Өзің бір сүйеп демесең.

Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.

Ағаттық етсем кейде мен,
Ақылдан жұрдай деме сен.
Баяғы балғын бейнеңмен,
Жүздетіп күнде кеңесем.

Бақыттың құсы басыма,
Қонбады-ау келіп деме сен.
Шүкір ет, жүрсем қасыңда,
Сүйеніш болып мен есен.
серік, ибрагимов, серик, serik, ibragimov, ibragimob, Деме сен (ft. Әйгерім Мергенбаева) songtext, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Жанна

Korrigierte Text

15.08.2017