Сатиев Аманкелді Ұнатам сені (2021), songtext

Ұнатам сені songtext

Сатиев Аманкелді

2021

4
0

Teilen:



Жаралы жүрек жұлқынды
Көргелі сені бір түрлі
Бір жалын шарпып өткендей
Ұрладың жаным күн түнді

Көрмедім сендей сылқымды,
Өрнегің нәзік түр-түрлі
Басқаның жүрегін қайтем
Ашпадың жүрек құлпыңды

Қайырма:
Ұнайды сенің күлгенің
Ұнайды сенің жүргенің
Ұнатам сені ұнатам
Сен бірақ оны білмедің?

2 куплет:

Көңілдің күйін түсірген
Жеңілдім сезім күшімнен
Ұқпай жүрмін ау өзім де
Шықпай қойдың ау түсімнен

Арбайтын сұлу мүсінмен
Қонбайтын қолға құсым бе ең?
Күйемін жеткізе алмай
Сүйем деп айтып ішімнен

Қайырма:

Сен жоқсың оны түсінген?
Жаралдым өзің үшін мен
Қаншама көңіл бөлсем де
Соншама жаным тылсым бе ең?






Quzar Quzar

Liedtext sind hinzugefügt

03.02.2021
Musikvideos
Сатиев Аманкелді
Ұнатам сені