Абайға арнау songtext

Сайра Зиятова

0
0

Teilen:


Қазақтың жүрегіне жақын болған,
Ешбір адам тең келмес ақын болған
Дарасың ,данасың сен əрқашанда,
Орның бөлек, ерекше атың қорған.Пушкин мен Лермонтовтың шығармасын,
Қазақшалап мазмұнын дəл аударған
Қарасөзің, əн менен өлеңдерің,
Барша қазақ баласына таныс болған.Шəкірттерің Шəкəрім, Мағауия,
Артыңнан өшпес мəңгі із қалдырған
Ахмет Байтұрсынов текке айтпаған,
"Қазақтың бас ақыны" деп жыр қылған.Мұхтар сынды қазақтың ақыны да,
Бүкіл ғұмыр,тарихыңды жазып шыққан
"Абай жолы" романы біздер үшін,
Қазақтың тарихындай боп жатталған.Өшпесін мəңгі атыңыз,
Өшпесін мəңгі даңқыңыз
Артыңнан ерген жас ақын,
Орныңды басар халқыңыз.
Сайра Зиятова, Абайға арнау songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Liedtext sind hinzugefügt

22.04.2017