Жастықта songtext

Сәбит Дөнентаев

0
0

Teilen:


Уа, дүние, жас уақытта ойнап-күлсек,
Біраз күн көріп қызық, дәурен сүрсек.
Көзіне әркімдердің түсер едік,
Қылтиып тәуір киіп, жақсы ат мінсек.
Ойын, той болса қайда сонда кірсек,
Шешенсіп көрінгенді кекеп ілсек.
«Сауықшыл, көңіл ашар» болдық жігіт,
Домбыра, бір-екі ауыз өлең білсек.
«Қырындап қызды ауылды» дегендейін,
Зор атақ - шашбаулыға жақын жүрсек.
Қақырам болғым келіп маңғаз жігіт,
Шалқаңдап екі қолды кезек сілтеп.
Осындай етсек деген көп армандар,
Өмірдің дажалы екен ойлап білсек.
Еншалла, екі жиһан болмаспыз қор,
Соңынан ғылым, білім зыр жүгірсек.
Әрине, соңғысына жұмсар едік,
Жауһардың жастық деген қадірін білсек.
Сәбит Дөнентаев, Жастықта songtext, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Liedtext sind hinzugefügt

26.08.2016