Songtext
Түнгі самал егін басын тербейді
Алыста қыр қарауытын көлбейді
Айдың нұры баяу ғана дірілдеп
Тың алқапты көкшіл шұғыла кернейді
Қайырмасы:
Айлы дала салқын самал тамаша
Екі ғашық қол ұстасып келе жатыр оңаша
Екі ғашық қол ұстасып келеді
Айтылмақ сөз, ақтармақ сыр көп еді
Бар болғаны жүрек тулап, дем ысып
Әлсін-әлсін ерінге-ерін төнеді
Қайырмасы:
Жанға рахат түннің салқын самалы!
Махаббаттың махаббаттың оты лаулап жанады
Махаббаттың оты лаулап жанады
Сол жалыннан жүрек сая табады
Түнгі дүние төңіректе мүлгиді
Тербеледі тың егіннің алабы
Қайырмасы:
Айлы дала салқын самал тамаша
Екі ғашық, екі ғашық келе жатыр оңаша
С. Мұхамеджанов
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).