Орда тобы Белгісіз жан (0), songtext

Белгісіз жан songtext

Орда тобы

Белгісіз жан

41
1

Teilen:



Қимадым қоштасқанда жанарыңды
Мұң шалды-ау сол бір сәтте қабағымды
Түбінен жүрегімнің тулап шығып
Бір өксік жұлмалады тамағымды
Қарақат көздеріңе қарай бердім
Қызығы сол ма дедім дүниенің
Күйдірер көлеңкеде өзегімді
Махаббат неге сонша ыстық едің
 
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етіп жоқ болдың-ғой қас қағымда
Қас қағымда жарқыраған
Өзіңді қалай табам
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған
Белгісіз жан
Мен аңсаған белгісіз жан
 
Бақтарды сен екеуміз аралаған
Ұзатып тастап кеттің неге маған
Жыл құсы секілденіп жылай ұшқан
ете алмай қала бердім жаным саған
Сәулесі айдың түсі аймалаған
Көзіңді қарағым-ау қайдан табам
Сүйгеннің сүйіктісі болатыңдай
Бақытқа ие болар қандай адам
 
Жұлдызым жарқыраған аспанымдағы сен
Жарқ етіп жоқ болдың-ғой қас қағымда
Қас қағымда жарқыраған
Өзіңді қалай табам
Жұлдызға жете алдым ба мен аңсаған
Белгісіз жан
Мен аңсаған белгісіз жан






Kommentare

Қонақ

07 März 2016

жақсы

Қонақ

07 März 2016

белгісіз жан

huawei.kzz

26 November 2016

:-)

Баглан Оразбек

18 Januar 2018

керемет ан

GM

Liedtext sind hinzugefügt

14.10.2015